Экономика
Trending

Онлайн ақша аудару қиындауы мүмкін

Құжат Ашық порталында жарияланған. Ол жерде электрондық ақша иесіне оңайлатылған сәйкестендіру болмайтындығы көрсетілген, деп жазады qazaqstan.tv.

Енді кез-келген адам міндетті түрде толық сәйкестендіруден өтеді. Бірақ, жобада процестің қалай жүргізілетіні жазылмаған.

Ал мүгедектігі бар адамдар үшін электрондық банкинг бұрынғыдан да ыңғайлы болмақ.

Жаңа нормаға сәйкес, банктер электрондық қызмет көрсету кезінде биометриялық аутентификацияны қолданады.

Бүгін жарияланған норма ақпанның 20-на дейін қоғам талқылауында болады. Кез-келген қазақстандық ашық порталына кіріп, пікір білдіре алады.

 

TuraNews

Back to top button