Спорт
Trending

Қазақ мергендері Азия чемпионатында екі медаль еншіледі

Үндістанның Дели қаласында нысана көздеуден Азия чемпионаты өтіп жатыр. Аталған байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы екі медальмен көзге түсті, деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі.

Валерий Рахымжан 10 метрден пневматикалық тапаншамен атудан күміс жүлдеге ие болды.

Сонымен қатар отандастарымыз командалық сайыстың нәтижесінде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Валерий Рахымжан, Кирилл Федькин, Эльдар Иманқұлов ел намысын қорғады. Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына екі жүлде түсті.

TuraNews

Back to top button