БастыСпорт
Trending

«Қайрат» Чемпиондар Лигасында қанша табыс тапты?

Алматылық “Қайрат” өз тарихында тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар Лигасы жалпы кезеңінде өнер көрсетті. Қазақстандық ұжым осы тарихи жетістігі үшін қанша табыс тапты?

Қазақстандық клуб жалпы кезеңде ойнау мүмкіндігіне ие болғаны үшін 18,62 млн еуро, яғни 11,23 млрд теңге көлемінде табыс тапқан.

Кипрлық “Пафоспен” тең тарқасқаны үшін алматылық ұжым 700 мың еуро (422,1 млн теңге) көлемінде пайдаға ие болған.

Осылайша, алматылық ұжым УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде өнер көрсеткені үшін жалпы 19,32 млн еуро — 11,65 млрд теңге табыс тапқан.

Еске салайық, жалпы кезеңнің соңғы турында “Қайрат” сырт алаңда “Арсеналға” қарсы ойнап, бір гол айырмашылығымен ұтылды — 2:3.

TuraNews

Back to top button