БастыСпорт

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны – 2026: дайындықтың алғашқы жоспары бекітілді

Қырғызстанның Мәдениет, ақпарат және жастар саясаты министрі Мирбек Мамбеталиевтің төрағалығымен қыркүйек айында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық бойынша жұмыс тобының отырысы өтті. Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.

Отырыс барысында іс-шара өткізілетін негізгі орындар, ұйымдастыру мәселелері, ойындардың өту барысы және дайындық жұмыстарының қазіргі жағдайы туралы ақпараттар тыңдалды.

Сондай-ақ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жоғары деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мақсатында тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Жиынға министрдің орынбасарлары, Дене шынықтыру және спорт жөніндегі мемлекеттік агенттіктің директоры Қалыбек Молдажиев, Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Халықаралық хатшылығының басшысы Нұрсұлтан Аденов, бас режиссер Алтынбек Максутов, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелердің жетекшілері қатысты.

 

 

Via
inform.kz

TuraNews

Back to top button