
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.
Қозғалыс шектелген аймақтар:
Маңғыстау және Атырау облыстары: «Доссор – Ақтау» бағытының басым бөлігі және Өзбекстан шекарасына дейінгі жолдар жабық.
Қостанай облысы: Арқалық, Тобыл және Сарыкөл бағытындағы учаскелерде қозғалыс тоқтатылды.
Ақмола және СҚО: Астана – Қостанай және Жезқазған – Петропавл тас жолдарының кейбір бөліктерінде көлік жүруіне тыйым салынды.
Павлодар облысы: Қалқаман ауылы маңындағы көпірдің зақымдануына байланысты Астана бағытына шығатын жол жабық.
Мамандар жолдардағы арақашықтықты сақтап, жылдамдықты асырмауды сұрайды. Жолдың жай-күйі туралы нақты ақпаратты 1403 байланыс орталығы арқылы тәулік бойы білуге болады.



