Әлем

Түркия Сирияға 11 гуманитарлық жүк көлігін жіберді

Түркия Сирияның Айн-әл-Араб ауданындағы бейбіт тұрғындарға көмектесу мақсатында 11 гуманитарлық жүк көлігін жолға шығарды, деп хабарлайды Анадолы.

Түркияның Төтенше жағдайларды жою және апаттарға қарсы іс-қимыл басқармасы (AFAD) және Түрік Қызыл Жарты Ай қоғамының қолдауымен 11 жүк көлігі дайындалған. Оның ішінде:

  • 5 көлікте 50 тонна ұн,
  • 1 көлікте жастықтар мен жамылғылар,
  • 5 көлікте балаларға арналған жөргектер мен азық-түлік.

25 қаңтарда жүк көліктері аймаққа Сирия үкіметі және Алеппо көмек үйлестіру орталығының серіктестігімен жіберілді.

Осыдан бұрын Сирия үкіметі мен күрдтер атысты тоқтату туралы келісімге қол қойды.

Кейіннен Сирияның Қорғаныс министрлігі елдің әскерилер мен күрдтер бастаған күштер арасындағы атысты тоқтату келісімін 15 күнге ұзартқанын хабарлады.

Өз кезегінде Сирия президенті Ахмед аш-Шараа күрд халқының Сирия халқының ажырамас бөлігі және елдің ұлттық бірегейлігі ретіндегі мәртебесін бекіту туралы жарлықты бекітті.

 

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button