БастыҚоғам
Trending

Бүгін Астана мен тағы 11 қалада ауа сапасы нашарлайды

Синоптиктер еліміздегі бүгінгі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады. 

— 2026 жылғы 26 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана және Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары болжанған, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

 

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button