Түркия астанасында «ҚазМұнайГаз» басшысы Асхат Хасенов пен Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактар екі елдің мұнай-газ секторындағы стратегиялық қарым-қатынасын тереңдету мәселелерін талқылады.
Кездесудің басты тақырыбы — қазақстандық ұлттық компания мен түріктің «Turkish Petroleum Corporation» (TPAO) корпорациясы арасындағы іс-қимылды жандандыру болды. Екі мемлекеттің аумағында жүргізіліп жатқан перспективалы геологиялық барлау жобалары енді нақты іс жүзіне асырыла бастайды.
Асхат Хасенов түрік әріптестерімен ынтымақтастық орнату тек шикізат өндіру емес, сонымен қатар салаға инновациялық шешімдерді енгізу және білікті мамандар даярлау тұрғысынан да тиімді екенін атап өтті. Министрлікпен жүргізілген сындарлы диалог екіжақты сенімді нығайта түсті.
Қазақстан мен Түркияның экономикалық өрлеуіне серпін беретін бұл жобалар алдағы уақытта жүйелі түрде жалғасын таппақ. Тараптар бауырлас екі елдің игілігі үшін ортақ жұмысты үйлестіруге дайын екендігін растады



