ҚоғамСпорт

Астанаға келген белгиялық «Бораттар» қандай жазаға тартылды?

ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елордадағы стадионда бельгиялық командамен келген үш жанкүйердің ерсі қылығына қатысты қандай жаза берілгенін айтты.

Айта кетейік, жақында «Қайрат» пен «Брюгге» командалары кездескен еді. Ойын кезінде «Борат» фильміндегі кейіпкердің киімін киіп алған жанкүйерлер полицияға жеткізілгені мәлім болды.

— «Брюгге» жанкүйерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу бойынша сот шешімі бар, — деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарда UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездесті.

 

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button