Қоғам
Trending

Қайрат Нұртастың қызы үлкен кинода бой көрсетпек

Қазақстандық өнер жұлдыздары Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың қызы Алау ірі киножобаға түсуге шақырту алды, деп жазады Zakon.kz.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың айтуынша, Алау өз арманына қарай алғашқы қадамдарын жасап жатыр, ал киноға түсу мүмкіндігін ол құнды тәжірибе ретінде қабылдап отыр.

Жас актрисаның анасы қызының қатты толқып жүргенін, себебі үлкен жауапкершілікті сезінетінін де атап өтті.

«Бұл – баға жетпес тәжірибе. Уайымдағаны жауапкершілікті сезінгені шығар.Талпынысқа қолдау көрсетіп, жол сілтейтін мамандармен бірге түсірілімде болатыны тамаша»,- деді актриса.

Алау – Жұлдыз Әбдікәрімова мен қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың ортаңғы қызы. Балалардың ішінде ол көпшілік алдында жиі көрінетіндерінің бірі.

 

TuraNews

Back to top button