Қоғам
Trending
“Türkiye Bursları” оқу бағдарламасына өтінім қабылдау басталды
Түркия Республикасының халықаралық деңгейдегі ең ірі гранттық жобасы – “Türkiye Bursları” бағдарламасы 2026 жылғы оқу жылына өтінімдер қабылдауды бастады.

1992 жылдан бері Қазақстаннан 10 мыңнан астам жастың Түркияның алдыңғы қатарлы университеттерінде білім алуына жол ашқан аталмыш жоба биыл да өз есігін айқара ашады.
Бакалавриат, магистратура және докторантура деңгейлері бойынша білім алғысы келетін үміткерлер 10 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өтінім бере алады. Бағдарламаның басты ерекшелігі – ол тек тегін оқу ғана емес, сонымен қатар жатақхана, медициналық сақтандыру, ай сайынғы шәкіртақы, екі жақты ұшақ билеті және бір жылдық түрік тілі курсын қамтитын толық әлеуметтік пакет ұсынады.
Өтінімдер тек turkiyeburslari.gov.tr ресми сайтында онлайн және тегін қабылданады.




