Қоғам

Қоғамдық көліктердің жай-күйі мен субсидиялау мәселелері талқыланды

2026 жылғы 9 қаңтар күні Жезқазған қаласының әкімдігінде қалалық қоғамдық көліктің жай-күйі мен оны бюджет есебінен субсидиялау мәселелеріне арналған жиын өтті.

Кеңеске Жезқазған қалалық мәслихатының депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, «Сарыарқа» қоғамдық бірлестігінің өкілдері және қоғамдық көлік тасымалдаушысы – «Ulytau Bus» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшылығы қатысты.

Жиын барысында 2025–2027 жылдарға арналған қоғамдық көлікті субсидиялау көлемі, тасымал сапасы, маршруттардың тиімділігі және жолаушыларға көрсетілетін қызметтің деңгейі талқыланды. Қатысушылар тарапынан бірқатар өзекті мәселелер көтеріліп, қоғамдық көлік саласындағы түйткілдерді шешуге бағытталған ұсыныстар айтылды.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты сала өкілдеріне нақты тапсырмалар беріліп, қоғамдық көлік қызметін жетілдіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді.

TuraNews

Back to top button