Меруерт Кенжебай – 10-сынып оқушысы. Осыдан бір ай бұрын ол қоршаған ортаны қорғауға үлесін қосуды мақсат етіп, биопакет жасау идеясын қолға алған. Ерекшелігі – бұл бастаманы Меруерт жасанды жадының көмегімен дамытқан. Ақылды технологияның арқасында түрлі деректерді саралап, өнімнің қауіпсіз құрамын анықтапты. Almaty TV дерегінше, кейін жобаны ұстазымен бірлесіп, тәжірибе жүзінде іске асырған. Нәтижесінде табиғатқа зияны жоқ био пакет әзірленіп шығарған.
Жас өнертапқыш ойлап тапқа био пакеттің қарапайым дүкендердегі қалташалардан еш айырмашылығы жоқ. Ерекшелігі белгілі бір температурадағы суға салсаңыз бірнеше минут ішінде толық еріп кетеді. Ешқандай қалдық қалмайды.
Биопакеттің құрамы толықтай табиғи әрі қауіпсіз заттардан тұрады екен. Негізгі компоненттері – крахмал, су, глицерин мен өсімдік тектес байланыстырғыш қоспалар. Барлық ингредиент белгілі бір мөлшерде араластырылып, баяу отта қыздырылады. Дайын қоспа арнайы қалыпқа құйылады.
Жас өнертапқыштың айтуынша, биопакет 45–50 минутта толық еріп кетеді. Ал ғалымдар полиэтилен қалдықтарының табиғатта 500 жылға дейін ыдырайтынын айтады. Ресми дерекке сүйенсек, елімізде жыл сайын 5 миллион тоннадан астам қоқыс шығарылады.



