Түркия заңсыз құмар ойындарға қарсы күресті күшейтіп, банктерді іске тартып, заңнаманы қатайтуда, деп жазады Sports24.kz сайты.
Түрік банктері клиенттеріне онлайн-ставкаларға заңсыз қатысу тәуекелі және мұндай әрекеттердің заң алдындағы салдары, соның ішінде шоттардың бұғатталуы туралы ескертулер жіберуді бастады. Бұл бастама әділет министрі Ылмаз Тунч басқаратын, президент Режеп Тайып Ердоған қолдайтын үкіметтің «Іс-қимыл жоспары» аясында жүзеге асырылуда.
Хабарламалар жіберілуіне желтоқсанда қабылданған 11-ші сот пакеті себеп болды. Реформа прокуратураның активтерді тәркілеу, шоттарды бұғаттау өкілеттігін кеңейтеді және заңсыз құмар ойындар үшін қылмыстық әрі қаржылық жауапкершілікті күшейтеді. Банктер мен төлем жүйелері күмәнді транзакцияларды бұғаттауға және сұраныс түскенде шоттар туралы ақпаратты 10 күн ішінде билікке ұсынуға міндетті.
Билік заңсыз ойын нарығына қысым 2026 жылға дейін, көршілес елдермен халықаралық ынтымақтастықты қоса алғанда, жалғасатынын мәлімдеді.



