БастыҚоғам

Қазақстаннан Өзбекстанға мефедрон алып өтпек болған азамат ұсталды

Ресейден әкелінген есіркіні Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстанға кіргізбек болған азамат ұсталды, деп жазады Kazinform.

Өзбекстан Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, қазақ-өзбек шекарасындағы «Қапланбек» — «Науаи» кеден бекетінде күдік тудырған Lada Largus көлігіне тексеріс жүргізілді. Оның барысында темір тұлпарға тиелген жүктердің арасына жасырылған 2,3 келі мефедрон анықталды.

Ұсталған 25 жастағы жүгізушінің «Өзбекстан-Ресей» бағытында жолаушы және жүк тасымалымен айналысқаны белгілі болды. Тапсырысқа сай, ол есірткіні Қашқадария облысындағы ер адамға жеткізуі қажет. Тиісінше, қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мефедронды қабылдап алуы тиіс азаматты препаратты күтіп алу барысында қолға түсірді.

Ұсталған екі күдіктіге қатысты «Есірткіні заңсыз дайындау, сатып алу және сақтау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, олар қамауға алынды.

Еске салайық, былтыр қазақ-өзбек шекарасында мұнай өнімдерін заңсыз өткізуге арналған туннель анықталған болатын.

Қоса кетсек, бұған дейін Өзбекстан Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Баходир Ташматов Орталық Азия арқылы жылына 90 тоннаға жуық героин өтетіні жайлы мәлімдеп еді.

 

TuraNews

Back to top button