Денсаулық
Trending
Kinder өнімінде қауіпті зат бар деген рас па?
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті әлеуметтік желіде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген жалған ақпарат тарап жатқанын айтты.
— Әлеуметтік желілерде «Kinder» өнімінде қауіпті заттар бар деген ақпарат тарап жатыр. Бұл мәліметтердің ескірген және 2016 жылға қатысты екендігін хабарлаймыз, — делінген ведомство хабарламасында.
Аталған мәселе бойынша ЕАЭО-ның құзыретті органдары өз уақытында тексеру жүргізген, нәтижесінде қандай да бір заң бұзу фактілері расталмаған.
— Қазіргі уақытта бұл өнімге қатысты халықтан шағым мен өтініштер тіркелген жоқ. Тек ресми және тексерілген ақпарат көздеріне ғана сенулеріңізді сұраймыз, — делінген хабарламада.



