
BORT № Telegram арнасы Мемлекет басшысының Жапонияға сапарына дайындық жұмыстарының фотосуреттері мен бейнежазбаларын жариялады.
17 желтоқсанда Telegram-каналының bort_01 парақшасында видеолар мен фотолар жарияланды. Мәліметке сәйкес, таңғы сағаттардан бастап Токионың орталық көшелерінде Қазақстан мен Жапонияның тулары ілінген.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен 2025 жылғы 18–20 желтоқсан аралығында барады.



