Қоғам

Қазақстанда Жаңа жыл қарсаңында қосымша пойыздар жүреді

Пойыз құрамына стандартты купе және плацкарт вагондары енгізіледі.

Қазақстанда Жаңа жыл мерекесі қарсаңында және мереке күндері қосымша пойыздар іске қосылады, деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ.

Қосымша құрамдар шамамен 23 мыңға жуық жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша рейстер мына бағыттар бойынша ұйымдастырылады:

  • №201/202 «Алматы-2 – Астана-1»
    Алматыдан жөнелту күндері: 20, 22, 24, 26, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 2, 4 қаңтар.
    Астанадан жөнелту күндері: 21, 23, 25, 27, 29, 31 желтоқсан, сондай-ақ 2026 жылғы 3 және 5 қаңтар.
  • №203/204 «Астана (Нұрлы жол) – Шымкент»
    Астанадан жөнелту: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
    Шымкенттен жөнелту: 22, 25, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
  • №257/258 «Ақтөбе – Астана (Нұрлы жол)»
    Ақтөбеден жөнелту: 20, 23, 26, 29 желтоқсан және 2026 жылғы 2 қаңтар.
    Астанадан жөнелту: 22, 24, 28, 30 желтоқсан және 2026 жылғы 4 қаңтар.
    Пойыз құрамына стандартты купе және плацкарт вагондары қосылады.

Сонымен қатар, сұраныс жоғары бағыттардағы қолданыстағы пойыздарға қосымша вагондар тіркеліп, 30 мыңнан астам қосымша орын ұсынылады.

Via
informburok.kz

TuraNews

Back to top button