Мәдениет

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның көші-қон ісінің дүниежүзілік Ізгілік Елшісі болып тағайындалды

8 желтоқсанда Женевада өткен жыл сайынғы сессия барысында Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон ұйымы (ХКҰ) қазақстандық әртіс әрі гуманитарлық қайраткер Димаш Құдайбергенге жаһандық ізгілік елшісі мәртебесін берді. Бұл тағайындау Димаштың ұзақ жылдар бойғы қиын жағдайларға тап болған адамдарды қолдау ісіне деген адал қызметін білдіреді.

2024 жылы Димаш ХКҰ-ның өңірлік Ілгілік Елшісі болып тағайындалған еді. Ол өзіне тиесілі жаһандық платформа арқылы мигранттардың мәселелеріне қоғам назарын аударып, олардың интеграциясына жәрдемдесіп, сондай-ақ қаражат жинау шараларына қатысып, ұйымның жұмысына қолдау көрсетіп отырды.

2024 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриштің Қазақстанға сапары аясындағы кездесуде Димаш гуманитарлық қызметін өзінің өнері арқылы ілгерілету жөніндегі көзқарасын білдірген болатын.

2025 жылы Димаш ХКҰ-мен ынтымақтастығын кеңейтіп, бірқатар маңызды іс-шараларды жүзеге асырды. Ол Рамазан айына орай ХКҰ-ның ақпараттық науқанына қатысып, бүкіл әлемдегі миллиондаған оқырмандарына мейірім мен жанашырлыққа үндеген үндеулер жолдап, адам саудасы мәселесіне және осал топтарды қорғаудың маңыздылығына да назар аударған болатын. Сонымен қатар, ол ХКҰ-ның Бас директорымен кездесіп, гуманитарлық дағдарыстардан зардап шеккен адамдарды қолдауға деген шынайы пейілін білдірді.

 

 

Source
dimashnews.com

TuraNews

Back to top button