Астана қаласының әкімдігі «Қайрат» пен «Олимпиакос» командалары арасындағы матчқа орай жанкүйерлер үшін арнайы шаттл-автобустарды іске қосады.
Матч өтетін күні елордалық әкімдік 25-ке жуық автобусты іске қосады. Олар қаланың бес түрлі нүктесінен Астана-Арена» стадионына дейін және кері бағытта қатынайды.
Жинақтау нүктелері (аялдамалар):
- Елордалық цирк
- Әзірет Сұлтан мешіті
- Қазақстан спорт кешені
- Орталық саябақ
- Бас мешіт
Қозғалыстың басталу уақыты: 18:00
Жанкүйерлерге ұсыныс: Аялдамаларға сағат 17:30-ға дейін келуге кеңес беріледі.
Бағыты: Автобустар екі бағытта да (стадионға және кері) жүреді.
Матч барысында Астана қаласының Полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік шараларын күшейтеді. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 2800-ге жуық полиция қызметкері жұмылдырылады. Олардың қатарында патрульдік бөлімшелер, учаскелік инспекторлар және кинологиялық қызмет мамандары бар.



