Мәдениет

Қазақтың ұлттық әуенін шырқайтын музыкалық сандықша – бірегей сый

Қазақтың ұлттық әуенін шырқайтын музыкалық сандықша – үйінің төрінде қазақ мәдениетінің бір бөлігі тұрғанын қалайтындарға керемет кәдесый. Оның ішінде әрине туристерге. Қазірдің өзінде аталған бұйымды әлемнің бұрыш-бұрышынан жүздеген адам сатып алып үлгерген. Ерекше сыйдың авторы Әділ Закеновтың айтуынша, тапсырыстар үсті-үстіне келіп түсуде. Айта кетейік, қолөнершіге мұндай бірегей идея Еуропада жүргенде келген.

Әділ Закенов, музыкалық сандықшалардың авторы:

– Бастапқыда мен қазақ халқының ұлттың әні «Илигайды» жасағым келді. Бір үлгісін жасап көрдім. Оны достарыма тыңдаттым. Өкінішке орай әуеннің мәні мен мағынасын ешкім түсіне қоймады. Сандықшаның негізгі ерекшелігі онда бар жоғы 18 нота бар. Сол себепті барлық әуен ойнай бермейді.

Әзірге сандықшада тек бір ән – «Көзімнің қарасы» шырқалады. Отандық қолөнершінің жоспарында әуендер санын көбейту бар. Алдымен әрине, ұлттық әндерге басымдық беріледі. Ең бастысы, ішкі механизмді әуенді дұрыс орындауға бейімдеу қажет.

Марк Брюшко, корреспондент:

– Сандықшаның екі түрі жасалады. Міне мынандай және үлкені бар. Ағаштан ойылып, оюмен көмекерілген. Сандықшаны ашсаңыз, «Көзімнің қарасы» әнін тыңдауға болады.

Музыкалық сандықшалармен қатар Әділ Закенов өзінің суретші әріптесімен бірге дәстүрлі қазақ өрнектерімен безендірілген, ұлттық нақыштағы құттықтау хаттарын басып шығарады. Бүгінде олар да көпшілік арасында өте танымал.

TuraNews

Back to top button