БастыМәдениет

Бүгін Астанада BIZ ВIRGEMIZ FEST қайырымдылық музыка фестивалі өтеді

Астана қаласында ең ауқымды BIZ ВIRGEMIZ FEST республикалық қайырымдылық музыкалық фестивалі өтеді. Шараны Biz Вirgemiz Qazaqstan қоғамдық қоры мен Астана қаласының әкімдігі бірлесіп, ерекше қажеттілігі бар балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырып жатыр.

Кештің басты ерекшелігі – әлемдік деңгейдегі халықаралық байқауларда көк туымызды көкке көтеріп жүрген, республика бойынша өте талантты ерекше балалар үлкен сахнада өнер көрсетеді.

Шара мүмкіндігі шектеулі және мүгедек шығармашылық дарынды балалар мен жастарды, қазақстандық эстрада жұлдыздарын, меценаттарды, елорда тұрғындары мен қонақтарын біріктіреді.

Сондай-ақ, фестиваль барысында демеушілер тарапынан екі көпбалалы аз қамтылған отбасына пәтер кілті табысталады.

Кештің басты хэдлайнері – Димаш Құдайберген.

Сонымен қатар, фестивальде Кенжебек Нұрдолдай (зағип әнші, музыкант, Андрей Малаховтың «Песня от всей души» шоу-бағдарламасының қатысушысы), SENSITIVE би тобы (АҚШ-та өткен орындаушылық өнердің 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік чемпионатының жеңімпаздары), Алтыншаш Мұқатаева (әнші, «100 жаңа есім» жобасының қатысушысы) және еліміздің басқа да эстрада жұлдыздары сахнаға шығады.

Атап айтқанда NAZIMA, Тамара Асар, «Бастау» тобы, KOBA&MANS, Mona Songz, ALPHA, Aidyn, Данияр Өтеген (Rin’Go), Қазыбек Құрайыш, Бағжан Октябрь, Ақтоты Болшова, Әлішер Қонысбай өнер көрсетеді.

Шара кезінде «Қарақат» мектеп студиясының 100 шәкірті жетігенде, «Алтын домбыра» мектебінің 100 оқушысы домбырада ұлттық күйлерді орындайды.

Өтетін орны:Астана қаласы, «Барыс Арена», Тұран 57.

Өтетін уақыты: 26 желтоқсан жыл, сағат 19:00.

TuraNews

Back to top button