Экономика
Trending

Биыл 195 ұлытаулық жас кәсіпкерге қайтарымсыз грант қаражаты берілді

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасының рейтингісіне сәйкес, Ұлытау облысы 2025 жылы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысуға ең қолайлы өңір деп танылып, алғашқы орынға шықты, деп хабарлайды TuraNews.kz.

Биыл өңірде жалпы сомасы 3 миллиард теңге болатын 75 жаңа кәсіпкерлік нысаны ашылды. Одан бөлек, әлемдік және отандық брендтердің франшизалары саны өсті. Аталған бағыттағы жұмыстар облыстың әлеуметтік және экономикалық әлеуетін арттырады, бұл бастамалар кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

Айрықша атап өтерлігі – Жезқазған қаласында 25 жылдан астам қараусыз, иесіз тұрған тоқыма фабрикасының ғимараты мемлекет меншігіне қайтарылып, кәсіпкерлерге қолайлы орта жасау үшін ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Ғимарат жаңғыртылуда. Инвестиция көлемі 1 миллиард теңгені құрайды.

TuraNews

Back to top button