Қоғам

Гүлнәр Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды

ORDA басылымының бас редакторы Гүлнәр Бажкенова екі айға үйқамаққа алынды, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Тергеу сотының шешімін журналисттің адвокаты Мұрат Адам хабарлады.

Сот Гүлнәр Бажкеноваға қатысты екі ай мерзімге үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.

Айта кетсек, ORDA басылымының бас редакторына «көрінеу жалған мәліметтерді бірнеше рет және қасақана тарату фактілері бойынша» қылмыстық іс қозғалған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті журналисттің үстінен бірнеше арыз түскенін растады.

 

TuraNews

Back to top button