Анкарада ТҮРКСОЙ мен Түркі Академиясы ұйымдастырған шарада түркі әлемінің мәдени біртұтастығы жолындағы маңызды қадам – Ортақ түркі әліпбиімен (34 әріптен тұратын) басылған алғашқы екі туынды көпшілікке ұсынылды, деп хабарлайды TuraNews.kz.
Бұл туындылар:
- Абай Құнанбайұлының «Qara Sözder» (Қара сөздер)
- Шыңғыс Айтматовтың «Aq Keme» (Ақ кеме)
Түркі Мемлекеттері Ұйымының тілдік бірлік мақсаттары аясында 2025 жылдың қыркүйегінде Бакуде қабылданған бұл ортақ әліпбиді, түркі халықтарын жақындастыратын «рухани көпір» деп бағалады.
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев және Түркі Академиясының президенті Профессор Шаһин Мұстафаев бұл қадамды болашаққа бағытталған үлкен көрегендіктің бөлігі және мәдени болмысты қайта айқындау деп атап өтті. Ғалымдар бұл оқиғаны бір ғасырдан кейін «тарихи кезең» ретінде бағалайтынын жеткізді.



