Ұйымның баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында мүше мемлекеттердің қазіргі қауіпсіздік мәселелері бойынша біріктірілген ұстанымдарын көрсететін Декларация қабылдау және 2026 жылдан 2029 жылға дейінгі алдағы үш жылдық кезеңге ҰҚШҰ Бас хатшысының кандидатурасын қарайды. Бұдан басқа, Ресей Федерациясы 2026 жылы Ұйымға төрағалық етудің басымдықтарын ұсынады.
Қырғызстан ІІМ атап өткендей, ҰҚШҰ жарғылық органдарының отырыстарына байланысты Бішкек пен Шу облысындағы жолдардың кейбір учаскелерінде уақытша жол қозғалысына шектеу енгізіледі. Көлік кептелісін азайту үшін ел астанасындағы мектептер мен жоғары оқу орындары уақытша онлайн оқытуға көшіріледі.



