Қоғам

ШҚО: облыс орталығында жаңа жылжымалы экологиялық зертхана ауа сапасын бақылайды

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде ауа сапасын бақылауға арналған жаңа жылжымалы экологиялық зертхананың кілтін салтанатты табыстау рәсімі өтті.

Оған аймақ басшысы Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

🔰Заманауи жабдықтармен жабдықталған 65,5 млн теңге тұратын зертхананы алуға Halyk Bank қаржылай демеушілік көрсетті. Бұл Өскемендегі атмосфералық ауа мониторингі жүйесін дамытудағы және қала тұрғындарының экологиялық қауіпсіздігін арттырудағы маңызды қадам болып отыр.

«Енді экологтер осы көлікпен қаланың кез келген жеріне тоқтап, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ауадағы зиянды шығарындылар мөлшерін нақты біле алады. Содан соң жинақталған мәліметті кәсіпорындарға, табиғат қорғау прокуратурасына жіберіп, тиісті шараларды қабылдайды. Демеушілік көрсеткен банк басшылығына облыс халқының атынан алғыс білдіремін!», — деді Нұрымбет Сақтағанов.

☑️ Айта кетейік, жылжымалы зертхана Өскемендегі барлық негізгі ластаушы компоненттерді жоғары дәлдіктегі электрохимиялық әдіспен талдайды.

TuraNews

Back to top button