Спорт
Trending

Елена Рыбакина әлемде эйс саны жөнінде үздік атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина 2025 жылғы маусымның қорытындысы бойынша эйс саны жөнінен ресми түрде көш бастады.

Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) баспасөз қызметі Instagram әлеуметтік желісінде мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина 2016 жылдан бері бір маусымда эйс санын 500-ден асырған бірінші теннисші атанды.

 

Bu gönderiyi Instagram’da gör

 

WTA (@wta)’in paylaştığı bir gönderi

Қазақстандық спортшы биыл барлығы 516 эйс жасады.

Бұдан бұрын Елена Рыбакина WTA жорамалы бойынша жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер қатарына кірген еді. Сонымен қатар қазақстандық теннисші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өткен жылдың қорытынды турнирінде табыс табу жөнінен теннис тарихында үздік көрсеткішке қол жеткізіп, Гиннестің рекордтар кітабына енген болатын.

Via
Kazinform

TuraNews

Back to top button