БастыСаясат

Орталық Азиядағы жабайы фауна мен флораны сақтауға бағытталған декларация қабылданды

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның экология министрлері Орталық Азиядағы жабайы фауна мен флораны сақтау жөніндегі декларацияға қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі

Аталған құжат Самарқандта өткен CITES тараптарының 20-шы конференциясы аясында қабылданды.

Декаларацияда табиғатты қорғау ведомстволары, кеден және құқық қорғау органдары, сондай-ақ сот құрылымдары арасындағы үйлестіру жұмыстарын нығайту жоспарлары қамтылған. Бұған қоса, мемлекеттер жабайы флора мен фаунаны сақтау мақсатында мониторингтік топтар құруға уағдаласты.

Мұнымен бірге, конференция барысында тараптар жедел ақпарат алмасу және шекара маңындағы аумақтарда ынтымақтастықты күшейту мүмкіндіктерін талқылады.

TuraNews

Back to top button