ҚоғамМәдениет
Trending

Джеки Чанның «Құдіретті сауыт» фильмінің жалғасы Маңғыстауда түсірілуі мүмкін

Маңғыстау облысында аты аңызға айналған Джеки Чанның қатысуымен фильм түсірілуі мүмкін. «Құдіретті сауыт» жобасының тобы Ақтауға келіп, табиғи локацияларды зерттеуді бастады. Бұл туралы облыстық туризм басқармасына хабарлады, деп жазады Kazinform.

1986 жылы алғаш шыққан «Құдіретті сауыт» франшизасы Джеки Чан фильмографиясындағы ең танымал туындылардың бірі. Жылдар өткен соң жобаның қайта оралуы, әлем бойынша жанкүйерлерінің қызығушылығын тудырып отыр. Ал, түсірілім Маңғыстауда өтетін болса, бұл — Қазақстан киноиндустриясы үшін маңызды оқиға болмақ.

Команда келген күні Маңғыстау облысының әкімімен кездесіп, ұйымдастыру мәселелері мен өңір аумағында түсірілім процесін өткізуге қажет қолдау шараларын талқылаған.

Егер жоба түпкілікті бекітілсе, Маңғыстау жаһандық кинематографиялық тарихтың бір бөлігі болып, Джеки Чан қатысатын ірі халықаралық экшн-фильмде алғаш рет көрінуі мүмкін.

«Құдіретті сауыт: Ультиматум» фильмінің режиссері Роберт Кун да Ақтауға келгенін әлеуметтік желіде жариялады.

 

 

TuraNews

Back to top button