Ол бұл туралы G20 саммиті өткен Оңтүстік Африкадағы баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.
— Зеленский мырза осы аптада менің қонағым болды. Ертең мен Путин мырзамен телефон арқылы сөйлесемін. Әрине, біздің екіжақты кездесулеріміз барысында (G20 саммитінде) Ресей мен Украина арасындағы соғысты жан-жақты талқыладық, жағдайды бағаладық және не істей алатынымызды қарастырдық. Біз бейбітшілікке қалай қол жеткізуге болатынына берік назар аудардық, — деді ол.
Ресей мен Түркия президенттерінің алдағы кездесуін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков растады.
— Иә. Біз мұны растай аламыз. Мұндай әңгіме жоспарланған, — деді Песков Түркия президентінің жоспары туралы сұраған кезде.
Еске сала кетейік, Түркия мен Украина президенттері бұған дейін Анкарада кездескен. Украиналық әріптесі Владимир Зеленскиймен бірлескен баспасөз мәслихатында Режеп Тайып Ердоған Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерді Ыстанбұлда қайта бастауға шақырды.



