БастыСпорт
Trending

Орталық Азия студенттік спорт федерациясы құрылды

Алматы қаласында Халықаралық студенттік спорт федерациясы (FISU) бастамасымен Орталық Азия студенттік спорт федерациясының Құрылтай конференциясы өтті.

Жиынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Моңғолиядан келген делегациялар қатысты, деп хабарлайды TuraNews.kz сайты ӨзА-ға сілтеме жасап.

Конференция қорытындысында аймақта студенттік спортты дамытуға бағытталған жаңа құрылым — Орталық Азия студенттік спорт федерациясын құру туралы бірауыздан шешім қабылданды.

 

 

TuraNews

Back to top button