
Елдегі барлық мұнай базаларында қажетті жанар-жағармай қоры бар, деп хабарлайды Kazinform.
Бұл туралы Қырғызстан Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Бақыт Торобаев хабарлады.
Оның айтуынша, Министрлер кабинеті елдің мұнай трейдерлерімен бірлесіп Қазақстан, Әзербайжан және Беларусьтегі мемлекеттік органдармен және мұнай өңдеу зауыттарымен келіссөз жүргізуі нәтижесінде Қырғызстанға мұнай өнімдерін жеткізу жүзеге асырылып жатыр.
— Елді жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету жұмыстары тиісті мемлекеттік органдардың күнделікті бақылауында, жағдай тұрақтанды, — деп атап өтті ол.
Мемлекеттік органдар, жергілікті билік органдары және тиісті компаниялардың басшыларына халық пен әлеуметтік нысандар үшін жанар-жағармай материалдары мен көмірдің жеткілікті қорының болуын күн сайын қадағалау, бағалар мен сапа мониторингін жүргізу, сондай-ақ жылу мен электр энергиясымен үздіксіз жабдықтауды күшейтілген режимде қамтамасыз ету тапсырылды.



