Басты

Түркі әлемі ХХІ ғасырдағы ерекше экономикалық аймақтардың біріне айналып келеді

ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гүнай Эфендиевамен кездесті, деп хабарлайды Turanews.kz, Қазақстан Республикасы парламентінің сенаты ресми сайтына сілтеме жасап.

Тараптар кездесу барысында осы халықаралық ұйымның қызметі мен даму келешегін талқылады. Бұл саладағы қызмет түркі елдерінің өзара іс-қимылының негізін құрайтын уағдаластық мен өзара қолдау рухына сай келеді.

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастыққа зор маңыз беріп отыр. Түркі әлемі ХХІ ғасырдағы ерекше экономикалық аймақтардың біріне айналып келеді. Қазақстан Түркітілдес мемлекеттердің Парламенттік ассамблеясы құрылуының бастауында тұрған болатын. Ол қазіргі кезде түркіаралық диалогта шешуші орын алады және көп тарапты күн тәртібін жүзеге асыруға зор үлес қосып келеді», — деп атап өтті Төрағаның орынбасары.

Қор президенті Қазақстандағы саяси жүйені трансформациялауға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталып жүзеге асып жатқан стратегиялық реформаларды жоғары бағалап, Қазақстан түркі әлемін нығайтудағы маңызды әріптестердің бірі екенін атап өтті және Қормен нәтижелі ынтымақтастығы үшін алғыс айтты.

Гүнай Эфендиева ұлы ақын, Қазақстанның және бүкіл түркі әлемінің көрнекті қайраткері, дана Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай халықаралық ауқымды аудиторияға шығармашылығын таныстыру мақсатында Қордың қолдауымен жарық көрген пошта маркасын таныстырды.

(Сүрет: Сенаттың Баспасөз қызметі)

 

 

TuraNews

Back to top button