Алматыда VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы басталды

Алматыда «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» атты VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы өз жұмысын бастады. Екі күнге созылатын шараға Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, сондай-ақ Еуропа елдерінен келген сарапшылар, редакторлар, медиа менеджерлер мен журналистер қатысып жатыр, деп жазады Ult.kz.
Форумда ортақ ақпараттық кеңістік қалыптастыру, жаңа медианың қарқыны, технологиялық өзгерістер және өңірлік ынтымақтастықты күшейту мәселелері кеңінен талқыланып жатыр.
Алматыда өтіп жатқан VI Халықаралық медиа форум түркі әлемінің ақпараттық интеграциясын жаңа деңгейге шығарып, ортақ жобаларды дамытуға жол ашпақ. Сарапшылардың айтуынша, біріккен ақпараттық кеңістік – түркі халықтарын жақындататын стратегиялық қадам.



