Спорт

Жаңаарқа ауданында шағын спорт кешені ашылды

Сәкен Сейфуллин ауылдық округінің орталығы — Ынтымақ ауылында тұрғындар мен жастардың спортпен шұғылдануына арналған шағын спорт нысаны пайдалануға берілді.

Жаңа спорт нысанында асық ату, тоғызқұмалақ, теннис, шахмат сияқты ұлттық және зияткерлік ойын түрлерімен айналысуға, сондай-ақ жаттығу құралдарында дене шынықтыруға толық жағдай жасалған. Алдағы уақытта күрес секциясының ашылуы жоспарланып отыр.

Шағын спорт кешені ауыл азаматтарының ұсынысы және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде, сондай-ақ ауыл азаматтарының демеушілігімен қалпына келтіріліп, жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ынтымақ ауыл жастарының дамуына үлес ретінде Марғұлан Әлжанов пен Мадина Әлжанова демеушілігімен 2,5 миллион теңге көлемінде спорт залға барлық қажетті дене шынықтыру құралы сатып алынып, сыйға берілді.

TuraNews

Back to top button