Қазақ қызы Түркияның танымал сериалында рөлге ие болды
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім кезінде түсірілген суреттерді жариялады.

Қазақстандық актриса ҒазизаТаңшолпан HBO Max Turkiye студиясы түсіріп жатқан жаңа халықаралық жобасында рөл сомдады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында түсірілім кезінде түсірілген суреттерді жариялады.
Кадрлардан фильм таулы өңірде түсірілгенін, ак актерлер Түрік қағанаты дәуірінің тарихи киімдерін кигенін байқауға болады.
«Сіздерді жақсы көремін, бәріңізді құшақтадым! Қуана көріңіздер – жақында!» – деп жазды Ғазиза.
Ғазизаның жанкүйерлері актрисаның жаңа рөліне тамсанып, жылы пікір қалдырып жатыр.

“Қандай керемет!”, “Тағы бір сүйікті түрік фильмі келе жатыр ма?”, “Нағыз “Сақиналар әміршісінің” атмосферасы! Сіз леди-эльф Галадриэльге ұқсайсыз” – деп жазды олар.
Сериалдың тұсаукесері 2026 жылғы көктемде HBO Max платформасында өтеді.


