Іс-шараға Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қатысты. Ведомство басшысы баяндамасында ресми Астана мен Ташкент Орталық Азиядағы сауданың негізгі драйвері саналатынын атап өтті. Оның сөзінше, келешек өсімді қамтамасыз ету үшін бірлескен өндіріс ашу, цифрлық интеграцияға ден қою және көлік дәліздерін дамыту маңызды.
Сондай-ақ қатысушылар отырыс барысында сауда-инвестициялық өзара іс-қимылды тереңдету, өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, логистиканы жүйелі жолға қою мүмкіндіктерін талқылады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның сауда және инвестиция министрлері бірлескен коммюникеге қол қойды.



