Әлем

Грузиядағы ұшақ апаты: Бортта 20 адам болған – Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі

Әзербайжаннан Түркияға бағыт алып Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған түркиялық әскери-көлік ұшағының қалдықтары табылды, деп хабарлады Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігі NSosyal әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында. Министрлік бортта 20 адам болғанын да растады.

«Әзербайжаннан елімізге қарай ұшқан С-130 әскери-көлік ұшағымыз Грузия мен Әзербайжан шекарасында құлады. Құтқару жұмыстары Әзербайжан және Грузия билігінің үйлестіруімен қолға алынды», делінген хабарламада.

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Грузия мен Әзербайжан шекарасында құлаған әскери жүк ұшағының сынықтары табылғанын хабарлады. Апаттың себебі әуе апаттарын тергеу жөніндегі комиссия жүргізетін егжей-тегжейлі тергеу нәтижесінде анықталмақ.

Ал министрліктің мәлімдемесінде былай делінген:

«Грузиялық іздестіру-құтқару топтары ұшақ құлаған жерге жергілікті уақыт бойынша сағат 17:00-де жетті. Ұшақтың сынықтары біздің әуе апаттарын тергеу тобымыз тексеру жүргізу үшін қоршауға алынды. Тергеу тобы сонда аттанды. Ұшақтың құлау себебі оқиға орнында жүргізілетін егжей-тегжейлі зерттеу нәтижесінде анықталады».

Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігі Грузия мен Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған C130 әскери-көлік ұшағының бортында 20 адам болғанын хабарлады.

«Апатқа ұшыраған ұшақ бортында экипаж мүшелерін қоса алғанда, 20 адам болған. Құтқару жұмыстары ұшақ құлаған жерде жалғасып жатыр», делінген министрліктің мәлімдемесінде.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Грузия премьер-министрі Иракли Кобахидземен телефон арқылы сөйлесті.

Президент әкімшілігінің мәлімдемесіне сәйкес, әңгіме барысында Грузия аумағында Түркия Әуе күштерінің әскери-көлік ұшағы құлаған жердегі іздестіру-құтқару жұмыстарының соңғы барысы талқыланды.

Еске сала кетейік, Әзербайжаннан ұшып шыққан Түркияның C-130 әскери-көлік ұшағы Грузия аумағында апатқа ұшырады.

Source
Kazinform

TuraNews

Back to top button