Өткен аптада WTA Жылдың қорытынды турнирінде чемпион атанған Елена Рыбакина жаңартылған рейтингіде 5-орынға көтерілді. Ол WTA Finals жарысындағы жеңісі үшін 1500 рейтингілік ұпай алған. Осының арқасында ол жалпы 5850 ұпаймен әлемнің үздік бестігінің қатарына қайта қосылды.
Айта кетейік, Елена Рыбакина финалда Арина Соболенконы екі сетте 6:3, 7:6 есебімен жеңген болатын.



