Туризм

Астана – Бұрабай туристік электр пойызы жолға шықты

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында елордадан Бұрабайға дейін арнайы туристік электр пойызы іске қосылды, деп хабарлайды Kazaktourism парақшасы.

Электропойыздың сырты жаңажылдық тематикада, ал іші отандық қолөнершілердің қолымен жасалған панно және жастықшалармен әрленген.

Турпойыз Астана – Кокшетау бағыты бойынша күнде 2023 жылдың қаңтар айының соңына дейін жүріп тұратын болады.

Жүру кестесі:
▪️ 06:03 «Нұрлы Жол» вокзалы – 09:57 Бұрабай станциясы
▪️ 19:15 Бұрабай станциясы – 22:18 Астана-1 және 23:00 Нұрлы Жол вокзалдары.

Пойыздың кестесіне сай қысқаша турлар да әзірленген. Мысалға, келген туристерге BurabayLand аумағында атпен, не ит пен бұғы жегілген шаналармен, квадроцикл және басқа да көлікпен серуендеу ұсынылады.

TuraNews

Back to top button