БастыЭкономика
Trending

Қаржы министрлігі мемлекеттік қаржы саласының ашықтығы мен тиімділігі үшін жаңа технологияларды енгізіп жатыр

Қаржы министрлігінде цифрлық трансформация жалғасуда. Өткен жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің барлық ақпараттық жүйесіне тәуелсіз аудит жүргізілді. Нәтижесінде 14 ақпараттық жүйенің орнына жаңа архитектура мен технологиясы бар 5 жүйеге көшу ұсынылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қаржы вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді.

Жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша 7 бөлек жүйе жаңадан енгізілген СӘКЖ бірыңғай платформасына біріктірілді. Мемлекеттік органдар және банктермен 75 интеграция жүргізілді, 295 млн операция және 101 млн төлем өңделді. Деректерді өңдеу уақыты қысқарды: операциялық күн – 18-ден 3 сағатқа дейін, онлайн төлемдер – 15-тен 1 минутқа дейін, құжаттарды өңдеу – 1 сағаттан 1 минутқа дейін. Негізгі міндет 87 терабайттық тарихи деректерді 7 ескі жүйеден жаңа Smart Data Finance платформасына көшіру болды. Бұрын Қаржы министрлігінде бірде-бір бигдата болған жоқ, ал кейбір жағдайда ақпаратты жинау және өңдеу қолмен жүргізілді. Енді жүйе мемлекеттік органдардың 74 базасымен интеграцияланған және жеке және заңды тұлғаларға салық құжаттарын қалыптастырады.

«Бұл бізге не береді? Біріншіден, бұл салықтарды автоматты түрде есептеуге, екіншісі декларацияны алдын ала толтыруға көшуге мүмкіндік береді. Бұрын бизнес өкілдері және жеке тұлғаларда, жылжымайтын мүлікті сатып алған жағдайда оны мемлекеттік деректер базасында тіркегеннен кейін декларацияда не үшін көрсету қажет деген сұрақ туындады. Жалпы цифрландырудың міндеті — азамат, заңды тұлға туралы барлық деректі жинау және алдын ала толтырылған декларация түрінде беру, құжатта сол немесе басқа салықтар қалай есептелетіні көрсетіледі», – деп түсіндірді спикер.

Мемлекеттік кірістер комитетінде «Мемлекеттік қаржының цифрлық картасы» жобасы іске асырылуда. Жүйе компаниялардың орналасқан жері, кассалық тәртіп, шығарылған чек саны және тауарлық аналитика туралы мәліметтерді жинайды.

«Мысалы, 260 мың бақылау кассалық машинасы бір жыл ішінде бір чек пен бір соманы ғана шығарған. Бұл кассалық тәртіптің өте төмен екенін білдіреді және сұрақтар туғызады. Мұның бәрі тәуекелдерді басқару жүйесінде заңды тұлғалармен өзара әрекеттесу үшін жасалады. Ал, егер кассалық тәртіп сақталмаса, онда біз қандай да бір мәселелер бар екенін хабарлаймыз, өз процестерімізді жетілдіру және ашу қажет», – деді вице-министр.

Алдағы уақытта «Мемлекеттік қаржының цифрлық картасына» чектер мен шот-фактураларды ғана емес, шығыс бөлігін де біріктіру жоспарда бар. Бұл өңірлер бойынша кірістер мен шығыстар жайлы толық  ақпарат алуға және жасанды интеллектіні пайдалана отырып, бағаларды, тауар ағындарын талдау және мемлекеттік бюджетті жоспарлау үшін деректерді пайдалануға мүмкіндік береді.

TuraNews

Back to top button