Саясат
Trending

Жезқазған қаласы әкімдігінде терроризмге қарсы дайындық бойынша түсіндірме іс-шара өтті

Жезқазған қаласы әкімдігінде мемлекеттік қызметкерлердің қатысуымен Ұлытау облысының Ұлттық қауіпсіздік департаменті және Ұлытау облысы Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасымен бірлесіп, терроризмге қарсы дайындық бойынша түсіндірме іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – терроризм актісі орын алған жағдайда халықтың өмірі мен денсаулығын қорғау, террористік қауіптің алдын алу және оның зардаптарын жоюға бағытталған оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің дайындық деңгейін арттыру.

Сонымен қатар, қатысушыларға терроризмнің алдын алу, күдікті заттар мен тұлғаларды анықтау, шұғыл жағдайда әрекет ету тәртібі туралы ақпарат берілді.

Мамандар мемлекеттік қызметшілердің төтенше жағдай кезіндегі іс-әрекеттерін пысықтап, қауіпсіздік шараларын күшейтуге баса назар аудару қажеттігін атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар тақырып бойынша сұрақтарын қойып, терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес алды.

TuraNews

Back to top button