Қоғам

Бүгін Республика күніне орай Ұлытау облысының Рәміздер алаңында ерекше салтанатты іс-шара өтті

Шара барысында Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды. Бұл сәт жиналған көпшілікке зор рух пен патриоттық сезім сыйлады.

Іс-шараға Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков қатысып, тұрғындармен бірге ел рәміздеріне құрмет көрсетті. Өңір басшысы өз сөзінде Республика күні – халқымыздың тәуелсіздігі мен бірлігін айшықтайтын, әрбір азамат үшін аса маңызды мереке екенін атап өтті.

Рәміздер алаңы – 2022 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес салынған ерекше нысан. Бүгінде ол Ұлытау халқы үшін елдік пен рухтың символына айналған қасиетті орын саналады. Мұнда маңызды мемлекеттік мерекелер мен патриоттық шаралар жиі өткізіліп, жастарға отансүйгіштік рухта тәрбие берудің орталығына айналып келеді.

Шараға қатысқан тұрғындар мен қонақтар Республика күні – мемлекеттік тәуелсіздік пен ұлттық бірегейлікті дәріптейтін мерекелердің бірі екенін атап өтіп, көк байрағымыз бен Әнұранға зор құрмет білдірді.

TuraNews

Back to top button