ҚоғамМәдениет

Бүгін республика күніне орай ұлытау облысында салтанатты мерекелік іс-шара өтті

Шараға өңір басшысы Дастан Рыспеков қатысып, бірқатар азаматтарды мемлекеттік және салалық наградалармен марапаттады.

Облыс әкімі қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендері, ііі дәрежелі «Еңбек даңқы», «Ерен еңбегі үшін» медальдары, сондай-ақ ҚР Парламенті сенатының және Ұлытау облысының құрмет грамоталарын салтанатты түрде табыс етті. сонымен бірге көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградалары ұсынылды.

Cалтанатты жиында облыс әкімі дастан рыспеков Республика күнінің Ұлытау үшін ерекше мәнге ие екенін атап өтті:

«2022 жылы дәл осы ұлытау төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы өткенін барлығымыз жақсы білеміз. Бұл – Ұлытауға және жалпы өңірімізге көрсетілген айрықша құрмет пен сенімнің белгісі. Сол тарихи жиында мемлекет басшысы республика күнін ұлттық мереке ретінде қайта жаңғыртатынын жариялап, егемен еліміздің жаңа дәуірге қадам басқанын паш еткен болатын. Сондықтан бұл мерекенің ұлт ұясы – Ұлытау үшін орны ерекше.

Республика күні – халқымыздың мемлекеттілікке деген берік сенімін, егемендік пен елдік идеясының мәңгілігін айқындайтын қасиетті күн», – деді өңір басшысы.

Салтанатты іс-шара жергілікті өнерпаздар мен Н.Тілендиев атындағы «Отырар сазы» оркестрінің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

TuraNews

Back to top button