Әлем

Түркия Республика күнін атап өтіп жатыр

Түркия республикасының құрылғанына 102 жыл толды.

Осыдан бір ғасыр бұрын Анадолыда ұлт көшбасшысы Мустафа Кемаль Ататюрк бастаған шет ел интервенциясына қарсы ұлт-азаттық кү­рес жеңіспен аяқталды. Осылайша 1923 жы­лдың 29 қазан күні зайырлы Түркия Рес­пуб­ликасы құрылды. Содан бері түрік халқы Республика күнін “Егемендік сөзсіз халықтың еншісі” деген ұранмен атап өтеді.

1920 жылы 23 сәуірде түрік халқының ұлт-азаттық күресі кезінде Ұлы Ұлттық Мәжіліс (парламент) ашылып, Түркия Республикасын жариялады. Алайда Түркия Республикасы 1923 жылға дейін ресми түрде танылмады. 1923 жылы 24 шілдеде Лозанна келісіміне қол қойылды, оған сәйкес Түркияның тәуелсіздігі мойындалды.

1923 жылы 13 қазанда Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің екінші шақырылымы басталғаннан кейін 2 ай өткен соң Анкара түрік үкіметінің орталығына айналды.

Түркия Республика аталғаннан кейін бірінші президент сайлауы өтті. Жасырын дауыс беру кезінде 158 депутаттың барлығының дауысын алған Мұстафа Кемал Ататүрік жаңа түрік мемлекетінің тұңғыш президенті болып сайланды.

1924 жылғы 26 қазандағы жарлыққа сәйкес Республиканың жарияланған күнін артиллериялық атыспен және ресми шаралармен атап өту туралы шешім қабылданды.

Қаулыға сәйкес Түркияда мерекелік шаралар 1924 жылы 29 қазанда басталды.

1925 жылы 2 ақпанда Түркияның Сыртқы істер министрлігі 29 қазанды ресми мереке деп жариялауды ұсынды.

Бұл ұсынысты Парламенттің Конституциялық комиссиясы қарап, 18 сәуірде қабылдады.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі 1925 жылы 19 сәуірде 29 қазанды ұлттық мереке деп жариялау туралы шешімді бекітті.

 

TuraNews

Back to top button