Шара «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» халықаралық жобасы аясында ұйымдастырылып, бауырлас халықтардың мәдени байланысын ортақ әзіл мен тіл арқылы нығайтуды көздейді, деп хабарлайды TuraNews.kz порталы Juzmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Ойынға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан және Түркиядан келген 11 команда қатысады. Олардың қатарында «Алатау SU» (Алматы), «Шум болалар» (Өзбекстан), «Лидер» және «Торнадо» (Қырғызстан), Әзербайжан–Түркия құрамасы, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен «Рудный», «Абибас», «Қыздар емес», «Шапалақ», «Ақбұлақ» және «Алмаз» командалары бар.
Кештің қазылар алқасында танымал тұлғалар – Тоқтарбек Серғазы (Секавайнс), Ерболат Беделхан, Алуа Қонарова, Қанай және Нұрсұлтан Құрман отырады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «TurkiCUP» тек әзіл додасы емес, ол – түркі жұртының достығы мен мәдени ортақтығын дәріптейтін мереке.
Көрермендер халықаралық ойынды 29 қазан күні сағат 19:00-де Алматыдағы Республика сарайында тамашалай алады.


