Әлем
Түркияның Балыкесир провинциясында 6,1 балдық жер сілкінісі тіркелді

Мәрмәр және Эгей аймағының елді мекендерінде 6,1 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуін бірінші кезекте Ыстамбұл мен Измир қалалары сезінді, деп хабарлайды Анадолу агенттігі.
Сағат 22:48–де Балыкесир провинциясының Сындыры ауданында жер сілкінісі тіркелді. Түркия Апаттар және Төтенше жағдайларды басқару басқармасының (AFAD) сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, оның магнитудасы 6,1 болды. Жерасты дүмпуі 5,99 шақырым тереңдікте тіркелген.



