ҚоғамСаясат

Ұлытау облысында құтқарушылар күніне орай мерекелік іс-шара өтті

Жезқазған қаласы әкімдігі Республика күніне орай Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.

Іс-шара барысында қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлердің батылдығы мен жанқиярлығы атап өтілді.

Сондай-ақ бірқатар құтқарушыларға қала әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды.

Ел игілігі мен қауіпсіздігі жолында абыроймен қызмет етіп жүрген барлық құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз!

TuraNews

Back to top button