Қоғам

Жүректегі мамандық

Ондаған өртті сөндіріп, 30 жасында Шемонаиха қаласындағы өрт сөндіру бөлімінің бастығы болған Дидар Ашимханға қарап, адам өз-өзімен көп жұмыс істеп, талпыныс танытса, кез келген мақсатқа жете алатынына сену оңай.

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі төтенше жағдайлар жүйесінде 12 жылдан астам, ал отпен күрес саласында 6 жыл қызмет етіп, ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.

Дидар ұн , элеваторда болған ірі өрттерді сөндіруге қатысып, өрт кезінде азаматтарды құтқаруға атсалыскомбинатындақан. «Қиын жағдайларда тәжірибе жинауға тура келді, бірақ біздің үйлесімді әрекетіміздің арқасында өрт сөндірушілермен бірге бұл жағдайлардан абыроймен өттік», – деп бөлісті Дидар.

Психологиялық тұрғыдан тынығуға оған спорт көмектеседі екен. Дидар волейболмен шұғылданып, жақсы нәтижелер көрсетуде. Волейболдан күштік құрылымдар арасында өткен республикалық жарыста ІІ орын, Қазақстан Республикасы ТЖМ ұйымдастырған XIV қысқы спартакиадасында волейболдан ІІ орын иеленді.

«Бос уақытымды отбасыммен өткіземін. Жарым Назым тағдырдың жазуымен біздің қызметтің қатарында, аудандық ТЖ бөлімінде инспектор болып жұмыс істейді. Сондықтан үйде қызмет туралы айтсам, жарты сөзден түсінеді», – дейді №28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы.

Өткен жылы Шемонаиха ауданында құтқарушылар аллеясы отырғызылып, «Құтқару миссиясы – абзал жандардың абыройы» атты монумент ашылды. Бұл бастама Дидар Ашимханға тиесілі.

«Бәрі өзімізге байланысты. Біз болашаққа сенеміз және еңбегімізбен, үлгі болу арқылы ТЖМ дамуына, гүлденуіне үлес қосуға тырысамыз», – деп түйіндеді Дидар.

TuraNews

Back to top button